• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Қазан, 2020

Үздіктер қатарына қосылды

151 рет
көрсетілді

Велоспорттан «Астана» велоко­ман­дасының капитаны Якоб Фульсанг Италия тас жолдарында өтіп жатқан «Джиро д ‘Италия» веложарысы үшін­ші кезеңінің қорытындысы бойын­ша жалпы есепте үздік ТОП-10 вело­спортшының қатарына қосылды.

150 шақырымға созылған үшінші кезеңде Фульсанг мәре сызығын бесінші кесіп, үшінші жарыс күнінің жеңімпазы атанған Хонатан Кайседодан (EF Pro Cycling) 51 секундқа қалып қойды. Осы нәтижесінен кейін даниялық велошабандоз үздік 10 спортшының қатарына қосылып, жалпы есепте тоғызыншы орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Италияда басталған вело­көпкүндік қазақстандық команда үшін сәтті бастала қойған жоқ. Бірінші кезеңде жуыр­да ғана Францияда мәресіне жеткен «Тур де Франс» жарысында тәуір нәтиже көрсеткен Мигель Анхель Лопес жарақат алып, турнирден шығып қалды. Содан кейін асқа­зан жарасына байланысты «Астананың» ресей­лік велошабандозы Александр Власов та жарыс­ты соңына дейін жалғастыра алмады.