• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Технология 07 Қазан, 2020

Әлемдегі ең танымал смартфон қайсы?

397 рет
көрсетілді

ComprarAcciones басылымының сарапшылары әлемдегі ең танымал смартфонды атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сарапшылардың пікірінше, 2020 жылдың екінші тоқсанында смартфондардың әлемдік сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 20,4 пайызға төмендеп, 294,7 миллион дананы құрады. Смартфондардың көпшілігін Huawei (жалпы сатылым 20 пайыз), Samsung (19,5 пайыз) және Apple (13,5 пайыз) жүзеге асырды. Төртінші орында қытайлық Xiaomi компаниясы еншіледі.

Әлем бойынша көп сатылатын смартфонның ең танымал моделі iPhone 11 – 37,7 миллион данаға жеткен. Екінші орында 11,4 миллион данамен Samsung Galaxy A51-ді және үшінші орындағы Xiaomi Redmi Note 8-ді 11 миллионға сатып алуға болады.