• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қазан, 2020

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен тың бастама қолға алынды

209 рет
көрсетілді

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен тың бастама қолға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ОЙЫЛ–ҚИЫЛ–ЖЕМ–САҒЫЗ" атты экологиялық тақырыптағы бірлескен шығармашылық-зерттеу жобасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты халыққа арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттер және "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.

Жоба аясында "Атырау-Ақпарат" және "Ақтөбе медиа" ЖШС-тері арасында әріптестік бағыттағы қарым-қатынастарды дамыту, бұқаралық ақпарат құралдары саласында шығармашылық байланыстарды өрістету көзделіп отыр. Осы бағытта бүгін аталған екі серіктестіктің басшылары Ысқақ Егембердиев пен Раукен Отыншин өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды.

"Ақтөбе Медиа" серіктестігінің директоры, Қазақстан Журналистер Одағы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Раукен Отыншин шығармашылық-зерттеу жобасының серіктесі болып табылады.

Меморандум аясында аталған өзендердің ахуалы жөнінде экспедициялар, қоғам белсенділері, тиісті құрылымдармен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру сияқты жұмыстар жасалады.