• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 07 Қазан, 2020

А.Мамин Ресей үкіметінің төрағасы М.Мишустинмен келіссөз жүргізді

231 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Мамин Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, энергетика салаларындағы, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперациядағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселесін талқылады.

Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.  COVID-19 індетінің таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикасы үшін пандемияның салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше көңіл бөлінді.

Сонымен қатар Мәскеу қаласына сапар барысында ҚР Премьер-Министрі А.Мамин Ресейдің орталық мемлекеттік органдарының, мемлекеттік корпорациялары мен қаржы-банк құрылымдарының басшылығымен кездесулері жоспарланған.