• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Парламент 08 Қазан, 2020

Сенаторлар шағын және орта бизнестің даму мәселелерін талқылады

153 рет
көрсетілді

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Парламенттік тыңдауға дайындық барысында "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының басшылығымен кездесіп, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет төрағасы Дәурен Әділбеков атап өткендей, «Даму» қоры «Бизнестің жол картасы-2025», «Қарапайым заттар экономикасы» және басқа да бағдарламалар аясында қаржылық қолдауды жүзеге асыра отырып,  қадағалайтын қаржы агенті болып табылады.

Сенатордың айтуынша, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы 2025 жылға дейін шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған бірқатар мақсатты индикаторларды қамтиды. Мысалы, оның ішінде ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнес үлесін кем дегенде 33,8% дейін жеткізу бар.

«Даму» қорының басқарма төрағасы Гаухар Бөрібаева бүгінгі күнге дейін Қор барлық қаржылық бағдарламалар бойынша 5,9 триллион несиеге 95 мың жобаны қолдағанын атап өтті. Биылғы жылы кәсіпкерлердің белсенділігі басым болып отыр. Мемлекеттік бағдарламалар аясында кепілдендірілген 10,1 мың несиеге қолдау көрсетіліп, 67,6 мың жеңілдетілген несие берілді. Қор басшысы өнеркәсіп салалары бойынша өңдеуші өнеркәсіп несие көлемі жағынан басым екенін, ал егер қарыз алушылар санын алатын болсақ, ең үлкен өсім сауда мен ауыл шаруашылығында байқалатынын атап өтті.

Сенаторлар шағын және орта бизнестің дамуына кедергі болатын факторлар мен тәуекелдерге қатысты бірқатар мәселелерге назар аударды.  Кездесу барысында қатысушылар осы мәселелерге қатысты ұсыныстар енгізді. Парламенттік тыңдау нәтижелері бойынша шағын және орта бизнесті дамыту үшін Үкімет, мүдделі мемлекеттік органдар және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына бірқатар ұсыныстар әзірленетін болды.