АҚШ президенті Дональд Трамптың коронавирус індетінен емделуіне 100 мың доллардан аса қаражат кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz New York Times-ке сілтеме жасап.
Үш күн ем алған Ақ үй басшысы ауруханаға тікұшақпен барып, тікұшақпен қайтқан.
"Ол көптеген коронавирус тестінен өтіп, оттегі, стероидтер мен антиденелерге қатысты эксперименттік ем алды. Америкалық денсаулық сақтау жүйесінде президент емес адам үшін бұл емдеу шараларына 100 мың доллардан аса қаражат кетеді", деп хабарлады NYT. Басылым ауруханаға тікұшақпен барып қайту 40 мың долларды құрауы мүмкін екенін атап өтті. Айта кетсек, коронавирус жұқтырған Трамп үш күн ауруханада емделіп, дүйсенбіде ауруханадан шығарылды.