• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
13 Қараша, 2013

Тағылым алар тамаша кеш

610 рет
көрсетілді

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситетінде «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ақын, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 40-тан астам жыр жинақтарының авторы Кә­кімбек Салықовпен кездесу кеші өтті. Қара өлең мен қазақы ән қатар өрілген «Жезкиік» ат­ты жүздесуді жоғарыда аталған бірлестіктің же­текшісі, профессор Кенжеғали Мыржықбай жүр­гізді. Ол алдымен жиналғандарды айтулы тұл­­ғаның тағылымды өмірімен таныстырып өтті.

Кеште Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің студенттері ақынның «Жыр әкелдім», «Заман дерті», «Жер ұраны – Ұлытау», «Адамдар аққуларды атпаңдаршы», «Астана – туған елдің ажарысың», «Әйелдердің мінезі», «Сенемін ақыл, қайрат, парасатқа» өлеңдерін оқыды. Қапаш Құлыш, Фариза Жылқайдарова, Адам Кәкім сынды белгілі әншілер Кәкімбек Салықовтың сөзіне жазылған «Жезкиік», «Үш арыс», «Тағдыр», «Аңсау» әндерін орындады. Кәкімбек Салықов – тек ақын, аудармашы ғана емес, талантты сазгер. Серік Оспанов, Біржан Есжанов шырқаған «Тиме», «Аққу жеткен», «Сарыарқа» әндері соның дәлелі.

Кездесудің екінші бөлімінде ақын көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Өнегелі өмірлік тәжірибесінен қызықты да мәнді әңгімелер айтып, елге адал қызмет қылу жайында, әлемдік көкейкесті проб­лемалар, ұлтаралық татулық турасында келелі сөз қозғады. Сонымен қатар, Кәкімбек аға Астананың 15 жылдығына арналған «Астана – елдің жүрегі» атты жақында ғана тұсауы кесілген кітабын танысты­рып, ұйымдастырушыларға ұсынды. Жиын соңында ЕҰУ проректоры, профессор Дихан Қамзабекұлы Кәкімбек Са­лықов сынды тұлғалармен кездесу жас буынға үлгі-өнеге екендігін айта келе, ақынға алғыс біл­ді­ріп, университет атынан сый-сияпат жасады.

Абай ТІЛЕНШИЕВ,

ЕҰУ журналистика және саясаттану

факультетінің студенті.

Соңғы жаңалықтар