• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Қазан, 2020

Тұрғын үй бағасы қай елдерде қымбаттады?

195 рет
көрсетілді

Сарапшылар зерттеуге алынған 49 елдің 34-інде тұрғын үй бағасы өскенін, ал 15 елде бағаның айтарлықтай төмендегенін анықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz

Үй бағасы арзандаған елдер – Венгрия (-7,4%), Эстония (-5,8%), Латвия (-2,3%), Болгария (-1,1%) және Ирландия (-0,1%). Бұл туралы Eurostat сайтында жарияланған есепте айтылған. 

Ал Египетте (-17%), Пәкістанда (-4,62%), Пуэрто-Рикода (-4,44%), Мальтада (-3,51%) және БАӘ-де (Дубай, -3,27%) тұрғын үй бағасы арзандаған.Керісінше, 2019 жылмен салыстырғанда баспана бағасы Люксембургте (+13,3%), Польшада (+10,9%) және Словакияда (+9,7%) күрт өсті.

Ал бағаның қымбаттауы Түркияда (+11,59%), Филиппинде (Макати, +11,52%), Германияда (+10,85%), Словакияда (+9,13%) және Эстонияда (+8,28%) тіркелді.

Посткеңестік елдерге келетін болсақ, Ресейде, Латвияда және Украинада оң динамика байқалады, сәйкесінше 4,82, 0,85 және 0,02%.