• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қазан, 2020

Атырауда автобус аударылды

813 рет
көрсетілді

Автобустың аударылуы – ілуде бір кездесетін оқиға. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, осындай оқыс оқиға 8 қазанда сағат 14:00 шамасында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Самал" ықшам ауданындағы №9 және №15-ші көшенің қиылысында екінші деңгейлі жолмен келе жатқан "Toyota Mark" көлігі "Toyota Coaster" автобусымен соқтығысқан. Жеңіл көлік басты жолдағы автобусты өткізбеген. Нәтижесінде автобус аударылып қалды. Автобустағы 3 жолаушы дәрігерлердің  тексеруінен кейін үйіне жіберілді",  деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.