• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
13 Қараша, 2013

Ортақ мүдде аясындағы кездесу

310 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Швейцария Конфедерациясы Кантондар кеңесінің президенті Филиппо Ломбардимен кездесті.

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Швейцария Конфедерациясы Кантондар кеңесінің президенті Филиппо Ломбардимен кездесті.

Қ.Тоқаев Қазақстанның Еуро­падағы маңызды саяси және эко­номикалық әріптесі ретінде Швей­царияның рөлін атап өтті. Екі ел де қазіргі замандағы жа­һандық мәселелерге көзқарас­та­ры ұқсас және көптарапты құрылымдар аясында өзара табысты іс-қимылды жүзеге асырып келеді.

Кездесу барысында тараптар парламентаралық өзара ынтымақ мәселелеріне ерекше назар аударды. Қараша айының соңында Бернде «Швейцария-Қазақстан» парламентаралық тобының алғашқы отырысы болады. Қ.Тоқаевтың пікірінше, «жасыл экономика», жаңартылатын энергетика, сыбайлас жемқор­лықпен, трансұлттық қылмыс­тар­мен күрес, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қи­мыл мәселелері бойынша заң шығаруда топтың қызметі тәжі­ри­бе алмасуға ықпал ететін болады.

Екі елдің экономикалық ын­тымақтастығын нығайтуда, жүз­десушілердің пікірінше, Қа­зақстан-Швейцария Іскерлер ке­ңесі мен Қазақстан-Швейцария Сауда-экономикалық ынтымақ­тас­тық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының маңызды орны бар. 2012 жылы Қазақстан мен Швейцария арасындағы сауда көлемі 5,2 миллиард долларды құрады.

Сол күні Ф.Ломбарди Қа­зақстан Парламенті Сена­ты­ның депутаттары алдында сөз сөйледі. Мәртебелі мейман Астананың даму қарқыны жө­ніндегі әсерлерімен бөлісе отырып, оны «Дала Манхэттені» деп атады. Астаналарды көшіру та­рихындағы осындай саяси, әлеуметтік және экономикалық орнықты әрі зор табыстарды қамтамасыз етуге қол жеткізгені некен-саяқ... Мен осындай тамаша жобаны жүзеге асыру үшін дана әрі саяси шешім қабылдау қажет болғанын аңғарып отырмын. Бүгінгі Астана сіздердің елдеріңіздің кейінгі жиырма жылдағы тәуелсіз мемлекет ретінде жедел дамуын паш етеді, деді Кантондар кеңесінің президенті.

Ф.Ломбарди Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлі арта түскенін атап өтіп, елдің ай­мақ­тық және әлемдік деңгейде қуатты әрі сенімді әріптес екенін жеткізді. Елдердің арасына көпір салудағы Астана өзінің әлеуетімен Швейцарияның халықаралық аренадағы рөлін көрсететін Же­не­вамен ұқсастығы бар, деді ол.

ЕҚЫҰ-ның 2014 жылғы төр­ағасы ретінде Швейцария осы ұйымға төрағалық етуде қазақстандық тәжі­рибені пай­да­лануға ниеттеніп отыр. Соны­мен қатар, мейман Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінің өтуіне қол­­дау білдірді. «Болашақтың энер­гиясы» тақырыбын таңдай отырып, сіздердің елдеріңіз эконо­микалық тұрғыда алдыңғы қатар­дағы елге айналу жолындағы эволюцияның құрамдас бөлігі болып табылатын қатерлер мен жауапкершілікті ұғынатынын көрсетуде, деп атап өтті Ф.Ломбарди.

Кантондар кеңесінің прези­денті Қазақстан-Швей­ца­рия пар­ламентаралық ынтымақ­тас­ты­ғын одан әрі ілгерілету жайында айта келіп, ол ортақ мүдде болып табылатын міндеттерді шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Ол, сондай-ақ, биыл құрылған Қазақстан-Швейцария Іскерлер кеңесі өзара инвестициялардың арта түсуіне ықпал ететініне сенім білдірді.

Ф.Ломбарди БҰҰ-ның Жене­­­вадағы Бөлімінің Бас директоры лауазымындағы тиімді қыз­меті үшін Қ.Тоқаевқа ризашы­лығын білдірді. БҰҰ-ның көпте­ген маңызды техникалық құры­лымдары Женевада орналас­қандықтан, Нью-Йорктен гөрі осы қалада көптеген кездесулер өтеді... Біз Тоқаевқа жұмыстардың бәрін өте тиімді және мұқият атқарғаны үшін ризамыз, деді Ф.Ломбарди.

Келіссөз бен кездесулерге қа­­зақстандық сенаторлар, сондай-ақ екі елдің елшілері Мұхтар Ті­леу­берді мен Мауро Рейна қатысты.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар