2013 жылғы 31 шілде, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 26 шілдедегі № 859 және «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 10З қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:1) «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 859 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 50, 672-құжат):көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларында:мынадай мазмұндағы 479-1-тармақпен толықтырылсын:«479-1. Ұшу жарамдылығының сертификаты алғашқы рет 2008 жылғы 1 шілдеден кейін берілген және біреуі автоматты болып табылатын кемінде екі ЕLТ-пен жарақтандырылатын ұшақтарды қоспағанда, бортында 19-дан астам жолаушы тасымалдау рұқсат етілген азаматтық ұшақтардың барлығы кемінде бір КОСПАС-САРСАТ (ЕLТ - ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатура) жүйесінің автоматты авариялық жетекті хабар таратқышымен жарақтандырылады.Ұшу жарамдылығының сертификаты алғашқы рет 2008 жылғы 1 шілдеден кейін берілген және кем дегенде бір автоматты ЕLТ-пен жарақтандырылатын ұшақтарды қоспағанда, бортында 19 немесе одан кем жолаушы тасымалдау рұқсат етілген азаматтық ұшақтардың барлығы кез келген үлгідегі кемінде бір ЕLТ-пен жарақтандырылады.Ұшуды 1 және 2-сынышы ұшу-техникалық сипаттамаларына сәйкес орындайтын азаматтық тікұшақтардың барлығы кемінде бір автоматты ЕLТ-пен, ал авиациялық жұмыстарды орындау үшін су кеңістігі үстінен ұшқан кезде кемінде бір автоматты ЕLТ-пен және құтқару салына немесе құтқару кеудешесіне бір авариялық-құтқару жетекті хабар таратқышымен (ЕLТ(8) - ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатура) жарақтандырылады.Ұшуды 3-сыныпты класты ұшу-техникалық сипаттамаларына сәйкес орындайтын азаматтық тікұшақтардың барлығы кемінде бір автоматты ЕLТ-пен, ал құрлықтан планирлеу режимінде ұшудың немесе қауіпсіз мәжбүрлі қонудың шекті қашықтығынан артатын арақашықтықта су кеңістігі үстінен ұшуды орындаған кезде кемінде бір автоматты ЕLТ-пен және құтқару салына немесе құтқару кеудешесіне бір ЕLТ(8)-пен жарақтандырылады.».569-тармақта:бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:«569. ӘК су кеңістіктері үстінен ұшу кезінде 479-1-тармақтың талаптарын ескере отырып, мынадай авариялық-құтқару жабдығы болуы тиіс:»;2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:«топтық құтқару жүзу құралдары - ең көп номиналды сыйымдылықты бір салды жоғалтқан жағдайда, ӘК бортындағы барлық адамдардың орналасуын қамтамасыз ететін санда үрлемелі құтқару салдары (және оларға тіршілікті қамтамасыз ететін құралдары бар авариялық қорлар);1161-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырсын:«Әуе кемесінде автоматты ЕLТ орнату жөніндегі талаптар осы нормалардың 479-1-тармағымен айқындалады.».2) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 103 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26,358-құжат):көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларында:18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«18. Ұшу жарамдылығының сертификаты алғашқы рет 2008 жылғы 1 шілдеден кейін берілген және біреуі автоматты болып табылатын кемінде екі ЕLТ-пен жарақтандырылатын ұшақтарды қоспағанда, бортында 19-дан астам жолаушы тасымалдау рұқсат етілген азаматтық ұшақтардың барлығы кемінде бір КОСПАС-САРСАТ (ЕLТ - ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатура) жүйесінің автоматты авариялық жетекті хабар таратқышымен жарақтандырылады. Ұшу жарамдылығының сертификаты алғашқы рет 2008 жылғы 1 шілдеден кейін берілген және кем дегенде бір автоматты ЕLТ-пен жарақтандырылатын ұшақтарды қоспағанда, бортында 19 немесе одан кем жолаушы тасымалдау рұқсат етілген азаматтық ұшақтардың барлығы кез келген үлгідегі кемінде бір ЕLТ-пен жарақтандырылады.Ұшуды 1 және 2-сыныпты ұшу-техникалық сипаттамаларына сәйкес орындайтын азаматтық тікұшақтардың барлығы кемінде бір автоматты ЕLТ-пен, ал авиациялық жұмыстарды орындау үшін су кеңістігі үстінен ұшқан кезде кемінде бір автоматты ЕLТ-пен және құтқару салына немесе құтқару кеудешесіне бір авариялық-құтқару жетекті хабар таратқышымен (ЕLТ(8) - ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатура) жарақтандырылады.Ұшуды 3-сыныпты класты ұшу-техникалық сипаттамаларына сәйкес орындайтын азаматтық тікұшақтардың барлығы кемінде бір автоматты ЕLТ-пен, ал құрлықтан планирлеу режимінде ұшудың немесе қауіпсіз мәжбүрлі қонудың шекті қашықтығынан артатын ара қашықтықта су кеңістігі үстінен ұшуды орындаған кезде кемінде бір автоматты ЕLТ-пен және құтқару салына немесе құтқару кеудешесіне бір ЕLТ(8)-пен жарақтандырылады.».2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.