• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қазан, 2020

Еріктілер ағаш екті

438 рет
көрсетілді

Ару Алматыда күзгі ағаш егу науқаны қызып жатыр. Жас пен кәрі жасыл желекке оранған жазира қаланы гүлдендіруге өз еріктерімен үлес қосуда. Басты мақсат – қаланың көркіне сән беретін ағаш қорын арттыру.

Жастар ресурстық орталы­ғы­ның бір топ еріктісі қаладағы Нұркент  шағын ауданына елу­ден астам  алма ағашын отыр­ғызды. Жастарды игі бастамаға жұмылдырған «Эко-Алматы» акциясы «Шетcіз қала» және «Жасыл қала» бағдарламалары аясында жүзеге асып отыр. Осылайша волонтерлер қала­дағы бос жерлерді гүл­денді­руді көздейді. Жалпы, ак­ция аясында тағы да басқа аумақ­тар қамтылатын болады. Ал­маның отаны саналатын Алматыда алма ағашын көптеп отырғызудың өзіндік символикалық мәні бар.

«Алматы қаласының демалыс орталықтары және 8 ауданда орналасқан Жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері мен волонтерлері «Эко-Алматы» таза қала акция­сын жалғастыруда. Жобаның мақсаты – қаламызды одан әрі құлпырту. Алма мен Ал­ма­­ты егіз ұғым. Еліміздің әуе қақпасы саналатын оң­түс­­тік астанамызға келген шетелдіктер көз алды­на ал­маның атасы атанған қала қан­дай екен деп елес­тетіп келеді. Шаһар­дың әр бұ­­ры­шында алма өсіп тұрса қан­­дай жарасымды болар еді. Біз­­дің басты тілегіміз де осы. Бұл іске әрбір азамат белсенді түрде үлес қосуға тиіс.  Тек науқан ретінде қабылдамай, өзі еккен ағаштың жетіліп өсуін қадағаласа игі», – дейді Алатау аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Нұр­сұлтан Сембаев.

 

АЛМАТЫ