• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Қазан, 2020

Африкаға 1,2 трлн доллар керек

141 рет
көрсетілді

Бұл қаражат Аф­­рикаға коро­на­ви­рус салдары­нан болған қиын­­дық­тарды жойып, елдерді қайта қалпы­на кел­­тіру үшін қажет. Бұл туралы Халық­ара­­лық валюта қоры мәлімдеді.

Есеп бо­йынша аталған сома алдағы 3 жылда эко­номикалық және денсаулық сақтау сала­сына түскен салмақты жеңіл­детіп, Аф­рика елдерінің аяққа тұруы­на көмек­тес­пек. Халықаралық валюта қорының бас­шысы бұл міндетті әлем елдерінің бірі­ге көтергені дұрыс деген пікір білдірді.

Жалпы, Африка елдерінде өзге мемлекеттермен салыстырғанда коронавирус жұқтырғандар мен індеттен қайтыс болғандар саны көп емес. Алайда сарапшылар пандемия құрлықты кедейлік құрсауында қалдырады деп отыр. Жұмысынан айырылғандар қатары көбейген соң, отбасындағы кіріс те 12 пайызға төмендеп кеткен. Осыған дейін Халықаралық валюта қоры індет салдарын азайту үшін шамамен 26 млрд доллар бөлген. Жеке ұйымдар берген несие мен басқа елдердің көмегіне қарамастан, қаржы тапшылығы әлі де бар. Африкада 1,5 миллионнан астам адам індет жұқтырып, 37 мыңға жуық науқас қайтыс болды.