• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 16 Қараша, 2020

Бүгін ауа райы қандай болады?

163 рет
көрсетілді

16 қарашада ел аумағының басым бөлігінің ауа-райына орталығы республиканың солтүстік-шығыс аудандарында орналасқан циклон әсерін тигізеді. Соған байланысты оңтүстік-шығыс өңірлерде қар жауады. Тек оңтүстік-батыс пен батыста күн ашық. Республиканың кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, желдің күшеюі ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.

Ақмола, Солтүсік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін. Алматы облысында – тұман.

Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел тұрады, жылдамдығы 15-20 м/с. Түркістан облысында тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде де тұман болады. Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.