• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Қазан, 2020

Бішкекте төтенше жағдай режимі қайта енгізілді

265 рет
көрсетілді

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкек қаласының аумағында төтенше жағдай режимін қайтадан енгізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

"Жаппай тәртіпсіздіктер нәтижесінде туындаған зорлық-зомбылықпен және адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірумен ұштасатын қалыптасқан жағдайға байланысты, сондай-ақ Қырғыз Республикасы Конституциясының 15-бабына, 64-бабы 9-бөлігінің 2-тармағына және "Төтенше жағдай туралы" Қырғыз Республикасы Конституциялық Заңының 3, 4, 7, 8-баптарына сәйкес азаматтардың өмірі мен денсаулығын, олардың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету мүддесінде, бұдан бөлек, Бішкек қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында:

Қырғыз Республикасы Бішкек қаласының аумағында 2020 жылғы 12 қазанда сағат 20.00-ден 2020 жылғы 19 қазанда сағат 07.00-ге дейін төтенше жағдай енгізіледі", делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 9 қазанда Сооронбай Жээнбеков Бішкекте төтенше жағдай режимін енгізді. Ол 21 қазанға дейін созылуы керек еді.