Өңір орталығында әр сенбі, жексенбіде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізу қалыпты үрдіске айнала бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
"Атырау қаласында 10-11 қазанда үш жерде ауылшаруашылығы тауарын өндірушілердің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 59 шаруа қожалығы мен кәсіпкерлер қатысты. "Мұнайшы" стадионының алдындағы алаңда 26, "Сарайшық" коммуналдық базарында 23, ал "Береке" ықшамауданындағы жәрмеңкеде 10 шаруа қожалығы мен тауар өндірушілер қала тұрғындарына нарықтағы құнынан төмен бағамен сүт, көкөніс, ет және өзге де өнімдерді ұсынды. Екі күндік жәрмеңкеде 13 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды", деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.