• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 12 Қазан, 2020

Нұр-Сұлтанда сумен жабдықтау тарифі қымбаттамайды

364 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда сумен жабдықтау тарифі қымбаттамайды. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласындағы департаменті айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Департаменттің хабарлауынша, бірқатар БАҚ-та сумен жабдықтау тарифтері 300%-ға өсетіні туралы ақпарат тараған. 

"ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті 2020 жылдың 25 маусымында "Астана Су Арнасы" ШЖҚ МКК-ға өтінім берген. Нақтырақ айтқанда 2021-2025 жылдарға арналған сумен жабдықтау және су бұру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер мен тарифтік сметаның шекті деңгейлерін бекітуге өтінім жолданған", дейді департамент өкілдері.

6 қазанда департамент "Астана Су Арнасы" ШЖҚ МКК өтінімі бойынша ашық жиналыс нысанындағы тариф жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өткізген. Оған мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар қатысқан.

Жиында "Астана Су Арнасы" кәсіпорнының өкілдері сумен жабдықтау бойынша тарифті 44%-ға, су бұру бойынша тарифті 137%-ға көтеру туралы кәсіпорынның тарифтік жобасын таныстырған.

"Бұл ретте ұсынылған өтінім – тариф жобасы екенін атап өту қажет. Департамент кәсіпорын мәлімдеген шығындардың барлық баптарының негізділігіне және табиғи монополиялар туралы заңнама талаптарына сәйкестігіне егжей-тегжейлі талдау жүргізеді. Осыған байланысты тарифтің көтерілетіні туралы нақты мәлімет шынайы ақпаратқа жанаспайды", делінген хабарламада.