• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қазан, 2020

Қазалыда жастар арасында веложарыс өтті

542 рет
көрсетілді

Қазалыда «Tour de Qazaly 2020» веложарысы өтті. Спорттық шараны аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысына сәйкес «Сауал Қазалы» қоғамдық бірлестігі мен жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Веложарыс Қашақбай Пірімов атындағы ауылдан бастау алды. Жарысқа қатысушыларға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов сәттілік тілеп, бұл шараның бұқаралық спортты дамытудағы рөлін атап өтті.

Әйтеке би кентіндегі «Жеңіс» саябағының алдындағы мәреге алғашқы болып Дәурен Бекет жетіп, жеңімпаз атанды. Ал, Бағдат Әбекенов пен Бауыржан Орынбасаров екінші, үшінші орындарды өзара бөлісті.

Веложарыстың жүлдегерлерін аудан әкімінің орынбасары Әліби Әбиев құттықтап, жеңімпазға жаңа велосипед табыс етті.

Жарысты өзге спортшыларды назардан тыс қалдырмады. Велошабандоздарды бірнеше номинация бойынша марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.

 

Қызылорда облысы