• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Коронавирус 13 Қазан, 2020

Коронавирус адам терісінде 9 сағатқа дейін сақталады

150 рет
көрсетілді

Коронавирус адам терісінде 9 сағатқа дейін сақталады. Бұл тұмау вирусымен салыстырғанда шамамен 5 есеге ұзақ. Киото университетінің ғалымдары осындай мәлімдеме жасады. Бұл туралы "Хабар 24" хабарлады.

Мұны анықтау үшін мамандар арнайы сынақ өткізіп, адам терісіне жүз мыңдай тұмау вирусы мен ковид-19 вирусын қойған. Сөйтіп, олардың жойылып кету уақытын бақылаған көрінеді. Нәтижесінде тұмау вирустары адам терісінде шамамен 2 сағатта белсенді болған. Ал коронавирус 6 сағаттан 9 сағатқа дейін сақталыпты.