• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
13 Қараша, 2013

Геннадий Головкин «Астана» клубы сапында өнер көрсетеді

240 рет
көрсетілді

Кеше, 12 қараша күні «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев бокстан WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинді қабылдады. Әңгіме барысында кәсіпқой боксшының Президенттің «Астана» кәсіпқой спорт клубына кіру мәселесі талқыланды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметінің мәліметіне сілтеме жасаған Egemennews.kz тілшісі хабарлады. «Біз Геннадийдің табыстарын зор мақтан тұтамыз. Ол – әлемдік деңгейдегі жұлдыз, құбылыс. Біз ең көрнекті спортшыларды өз клубымызға таңдап алғымыз келеді. Бұл оған ееркше мәртебе береді. Өзінің мәртебесін көтеру үшін бұл Головкинге де керек», - деді Ө.Шөкеев кездесу барысында. Төраға өз сөзінде Президенттің кәсіпқой клубын құру Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін көтере түсу мақсатын көздегенін айтты. «Біз Геннадийдің осы клуб сапында өнер көрсетуі мен оның спорттағы бастамалары осы үлкен жұмысқа орасан зор тиімділік әкелетініне сенімдіміз», - деп атап өтті Ө.Шөкеев. Геннадий Головкиннің айтуынша, ол өзінің Президенттің «Астана» спорт жобасы туы астына біріккен спортшылардың қатарында өнер көрсетуге шақырылғанын зор мақтаныш етеді. «Мен бұдан былай «Астана» клубы атынан өнер көрсететініме өте қуаныштымын және оны зор мақтан тұтамын. Енді менің басты демеушім «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры болады. Біз «Астана» клубын әлемдік деңгейде таныта беретін боламыз», - деді кездесуден кейін Геннадий Головкин. Ал Геннадий Головкинмен келісім-шарт 13 қараша күні өтеді деп күтілуде. 2012 жылдың соңында құрылған Президенттің «Астана» кәсіпқой спорт клубы өзінің аясына Қазақстанның үздік спорт клубтарын топтастырып келеді. Оның сапында қазір әлемдік деңгейдегі «Astana Pro Team» велоспорт клубы, баскетбол және футбол командалары, «Барыс» хоккей жасағы, «Astana Dakar Team», «Astana Arlans» боксшылары, су және ат полосы ұжымдары, «Қазақстан барысы» ұлттық күрес жобасы, сондай-ақ ауыр атлетикадан Олимпиялық ойындардың екі дүркін чемпионы Илья Ильин мен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен бар.   Руслан Игілік.
Соңғы жаңалықтар