• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Қазан, 2020

Дания 2,5 миллион құндыздың көзін жоймақ

198 рет
көрсетілді

Данияның ветеринарлық мамандары коронавирус анықталған құндыздарды жоюға кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Ветеринарлық мамандар екі жарым миллион жануарды инфекцияға байланысты жоймақшы. Инфекция 63 аң терісін өндіретін фермалардан табылған. Ол жердегі жануарлар ғана емес, "қызыл" аймақтан сегіз шақырым радиуста ұсталған құндыздар да жойылады.

Қазір сарапшылар жануарлардың коронавирусты қалай жұқтырғанын және ол адамға беріле ме деген сынды зерттеулер жүргізіп жатыр. Инфекция маусымдық қызметкерлерді жалдау кезінде фермаларға енуі мүмкін деген болжам бар.

Айта кетейік, Дания – қымбат бағалы аң терісін әлемдегі ең ірі экспорттаушылардың бірі.