2020 жылдың 9 айында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы жүктерді ауыстырып тиеу көлемі өткен жылдың осы кезеңі деңгейінде болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Жүк көліктері мен контейнерлерді ауыстырып тиеуде біршама өсім байқалды.
Отандық сауда флоты есепті кезеңде Каспий теңізіндегі порттар арасында 1,6 млн. тоннадан астам жүк тасымалдады. Оның ішінде Ақтау – Баку фидерлік желісі бойынша шамамен 9,8 мың бірлік контейнер тасымалданды.
Осы 9 айда ішкі су жолдары бойынша жүк тасымалдау көлемі шамамен 1,4 млн. тоннаны құраса, оның шамамен 209 мың тоннасы Ресей бағытында тасымалданды.