• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қазан, 2020

Әкімшілік құқық бұзғандарға 4 мыңға жуық хаттама толтырылған

150 рет
көрсетілді

Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов алматылық бизнесмендерді санитарлық нормаларды қатаң сақтауға және келушілер мен қызметкерлердің денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Н. Әбілшайықовтың айтуынша, ТЖ режимінің енгізілуіне және карантинге байланысты экономиканың көптеген салаларына әлі де тыйым сақталып отыр. Мысалы, бұл киноиндустрия және ойын-сауық салалары. Бизнестің кейбір түрлері маңызды шеутеулермен жұмыс істеп жатыр. Бұл туризм, қонақ үй бизнесі, қоғамдық жалпы тамақтану орындары әне басқалары.

«Эпидемиялық жағдай қиындап келеді. Алматы қаласында коронавирус инфекциясымен ауырғандар саны көбеюде. Көрсеткіш 13 қазан күні 14 мыңнан астам адамды құрады», — деп хабарлады Палата директоры. Алматы қаласының әкімдігі жүргізген мегаполистегі эпидемиялық жағдайдың талдауына сәйкес, COVID-19 жағдайларының көбеюінің екі себебі бар — вирустың шетелден келуі және қала тұрғындарының санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтамауы. Сонымен бірге, Алматының бас санитар дәрігерінің қаулысының талаптарын сақтамайтын жеке бизнес субъектілері бар. Осы жылдың 5 шілдесінен 9 қазанға дейінгі аралықта Алматыда әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы 4 мыңға жуық хаттама толтырылған. Оның ішінде нысандарға  109 млн тг 1200 айыппұл салынып, жеке тұлғаларға 125 млн тг 2600-ден астам хаттама толтырылған. Республика бойынша көрсетілген мерзімде 894 млн тг шамамен 16 мың хаттама толтырылды, сонымен бірге, 307 млн тг жеке тұлғаларға айыппұл салынды.

Осыған байланысты, Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы пандемия және жұқтырудың жаңа толқынының қаупіне байланысты бизнесмендерді қауіпсіздік шараларының талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырады.

«Қызметшілер мен келушілердің дене қызуын өлшеу, әлеуметтік арақашықтық пен маска тағу режімін сақтауды қамтамасыз ету, үй-жайларды жеткілікті мөлшерде санитайзерлермен жарақтандыру, бөлмелерді желдету қажет. Мекемелерге келушілерді, сонымен қатар мегаполистің әрбір  тұрғынын маска тағу режімін, әлеуметтік арақашықтықты, жеке гигиена талаптарын сақтауға шақырамыз. Бұл талапты, әсіресе, егде адамдар, балалар, созылмалы ауруы бар, иммунитеті төмен адамдар ұстануы қажет», — деді өз сөзінде Н. Әбілшайықов.

Карантин талаптарын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 230 АЕК, орта кәсіпкерлік үшін — 310 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 1600 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.