Нұр-Сұлтанға бүгін түнде ұшып келген ПТР анықтамасы жоқ 118 жолаушы стационарға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін түнде Нұр-сұлтан әуежайына 4 ұшақ қонды. Turkish Airlines, Air Astana және Flydubai авиакомпаниялары орындаған рейстермен барлығы 569 адам ұшып келді. 118 жолаушыда ПТР-тестілері болған жоқ, олар стационарлық карантинге жіберілді.
ПТР сынақтарын тапсырғаннан кейін олар үйге жіберіледі, оң нәтиже болған жағдайда олар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады. Жоғары температуралы жолаушылар жоқ.