• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
14 Қараша, 2013

Қызметтен босатылды

341 рет
көрсетілді

Газетіміздің 8 қарашадағы санында «Масқара!» айдарымен жарияланған «Тілі күрмелген полковник» атты сын мақалада ішімдікке тойып алған шенді полковниктің жол үстіндегі жолсыздық әрекеттері жайлы жазылған еді.

Газетіміздің 8 қарашадағы санында «Масқара!» айдарымен жарияланған «Тілі күрмелген полковник» атты сын мақалада ішімдікке тойып алған шенді полковниктің жол үстіндегі жолсыздық әрекеттері жайлы жазылған еді.

Бүгінде ол тікелей себепші болған жол-көлік оқиғаларына байланысты қосымша деректер табылуда. Атап айтқанда, 22 қазанда болған көліктер соқтығысында жол полициясының қызметкерлері жауырды жаба тоқығанға ұқсайды. Соның салдарынан жол апаты дерегі ресми тіркеуге енбей қалған. Сол күні оның кезекті еңбек демалысында жүргені, қарсы тараптарға келтірген шығындардың өтелгені көлденең тартылып, наркологиялық тексеруден өткізу, жүргізушілік куәліктен айыру секілді жазалардан құтылып кеткен.

Енді жақында облыстық ішкі істер департаменті жанындағы тәртіптік кеңестің қызметтік-әске­­­ри талапты өрескел бұзып, поли­ция қызметкері атына кір келтір­гені үшін тылды қамтамасыз ету басқармасының басшысы Вла­ди­мир Зиборовты ішкі істер органы саласынан кетіргені мәлім болды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар