Қазақстандық зертханалар тәулігіне 48 мың ПТР-тест алуға қабілетті және бұл қуаттылық одан әрі арта түспек. Өңірлерге зертханалық жабдықтар жеткізілуде, мамандарды оқыту жұмыстары қолға алынды. Осы шаралардың барлығы зертханалардың жалпы қуатын тәулігіне 63 мың зерттеуге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, ведомство ПТР зерттеулерінің тарифтерін 22%-ға дейін төмендету бойынша ұсыныстар әзірленді. Бұл шығын материалдары нарығындағы бағаның төмендеуіне байланысты, атап айтқанда, жеке қорғаныс құралдары мен тест жүйелері арзандады. Тариф осы айдың соңына дейін бекітілуі тиіс.