• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
14 Қараша, 2013

Головкин «Астана» клубы сапында өнер көрсетеді

240 рет
көрсетілді

Бұрнағы күні «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев бокстан WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинді қабылдады. Әңгіме барысында кәсіпқой боксшының Президенттің «Астана» кәсіпқой спорт клубына кіру мәселесі талқыланды.

Бұрнағы күні «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев бокстан WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинді қабылдады. Әңгіме барысында кәсіпқой боксшының Президенттің «Астана» кәсіпқой спорт клубына кіру мәселесі талқыланды.

«Біз Геннадийдің табыстарын зор мақтан тұтамыз. Ол – әлемдік деңгейдегі жұлдыз, құбылыс. Біз ең көрнекті спортшыларды өз клубымызға таңдап алғымыз келеді. Бұл оған ерекше мәртебе береді. Өзінің мәртебесін көтеру үшін бұл Головкинге де керек», – деді Ө.Шөкеев кездесу барысында.

Төраға өз сөзінде Президент кәсіпқой клубын құру Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін көтере түсу мақсатын көздегенін айтты. «Біз Геннадийдің осы клуб сапында өнер көрсетуі мен оның спорттағы бастамалары осы үлкен жұмысқа орасан зор тиімділік әкелетініне сенімдіміз», – деп атап өтті Ө.Шөкеев.

Г.Головкиннің айтуынша, ол өзінің Президенттің «Астана» спорт жобасы туы астына біріккен спорт­шылардың қатарында өнер көрсетуге шақырылғанын зор мақтаныш етеді.

«Мен бұдан былай «Астана» клубы атынан өнер көрсететініме өте қуаныштымын және оны зор мақтан тұтамын. Енді менің басты демеушім «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры болады. Біз «Астана» клубын әлемдік деңгейде таныта беретін боламыз», – деді кездесуден кейін Геннадий Головкин.

Ал кеше Геннадий Головкиннің «Астана» кәсіпқой клубы құрамына қабылданғаны жөніндегі тиісті құжаттар жасалды. Айта кететін жайт, 2012 жылдың соңында құрылған Президенттің «Астана» кәсіпқой спорт клубы өзінің аясына Қазақстанның үздік спорт клубтарын топтастырып келеді. Оның сапында қазір әлемдік деңгейдегі «Astana Pro Team» велоспорт клубы, баскетбол және футбол ко­ман­далары, «Барыс» хоккей жасағы, «Astana Dakar Team», «Astana Arlans» боксшылары, су және ат полосы ұжым­дары, «Қазақстан барысы» ұлттық күрес жобасы, сон­дай-ақ, ауыр атлетикадан Олимпиялық ойындардың екі дүркін чемпионы Илья Ильин мен мәнерлеп сыр­ға­наудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен бар.

Руслан ИГІЛІК.

Соңғы жаңалықтар