• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қазан, 2020

Кәсіпкер Хакасиядан 200 сиыр сатып алды

841 рет
көрсетілді

Шет ауданында тұратын кәсіпкер Нұрперзент Советов мүйізді ірі қара тұқымын асылдандыру ісімен айналысуына әкесінің ықпал еткенін айтады, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жас кәсіпкер «Сыбаға» бағдарламасы аясында төменгі пайыздық мөлшерлемемен несие алып, 85 миллион теңгеге 200 бас асыл тұқымды сиырды Ресейден әкелген.

Қазіргі таңда  Нұрперзент Советов басқаратын «Қайрат» шаруа қожалығы аудан бойынша ірі фермерлік кәсіпорындардың бірінен саналады. Шаруашылықта Хакасиядан сатып әкелінген асыл тұқымды ірі қарадан басқа қазақтың ақбас сиырлары да өсіріледі.

«Қазір мемлекет кәсіп ашып, еңбек етемін деген жастарға барынша қолдау көрсетіп отыр. Мысалы, төмен пайыздық мөлшерлемемен несиелер беріледі. Яғни, адал кәсіппен мал табамын дегенге жағдайдың бәрі жасалған», дейді жас кәсіпкер.

Нұрперзент Советовтің сөзінің жаны бар. Оның шаруа қожалығы жыл сайын мемлекеттен 4 млн теңге мөлшерінде субсидия алып тұрады. Мұның өзі мал баққан қауым үшін әжептәуір қолдау.

Бүгінгі күнде шаруа қожалығының басшысы кәсібін әрі қарай дөңгелетіп, шаруашылығын кең ауқымда жүргізуді ойластырып жүр. Атап айтқанда, сүт өнімдері кластерін дамыту жоспарында бар.

Қазіргі уақытта «Қайрат» шаруа қожалығында алты адам еңбек етеді. Олар тұрақты еңбекақымен ғана емес, мал азығымен, қыста жағатын отынмен және ет өнімдерімен қамтамасыз етілген.