• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
14 Қараша, 2013

Аурудың алдын алу айлығы

330 рет
көрсетілді

Астана қаласында Жедел респираторлық вирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі айлыққа арналған жиын өтті.

Кездесуде 1 – 30 қараша ара­лы­­ғында еліміздің барлық өңір­лерінде ЖРВИ, тұмау және пнев­мо­коктық ин­фекцияның алдын алу бойынша ай­лық өткізіліп жатқаны хабарланды.

Астана қаласында Жедел респираторлық вирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі айлыққа арналған жиын өтті.

Кездесуде 1 – 30 қараша ара­лы­­ғында еліміздің барлық өңір­лерінде ЖРВИ, тұмау және пнев­мо­коктық ин­фекцияның алдын алу бойынша ай­лық өткізіліп жатқаны хабарланды.

МСЭҚКД басшысының орынбасары М.Жүсіпованың айтуынша, тұмау мен ЖРВИ дүние жүзі бойынша тіркелген жұқпалы аурулар арасында алғашқы орынға ие. ЖРВИ мен тұмауды туындататын вирустар мұрын мен тамақтан бастап, өкпеге дейін барлық кеңістіктегі эпителийлі жасушаларды зақымдайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жыл сайын әлемнің жер-жерінде тұмаудың 3-5 млн. түрі тіркеліп, тұмау инфекциясының кесірінен болған 250-500 мың өлім-жітім оқиғасы тіркелген.

Қазақстанда Санитарлық- эпидемиологиялық сараптау және қадағалау ғылыми-тәжірибелік ор­талығының деректеріне қара­­ғанда, былтыр 1 044 834 ЖРВИ-ге шалдығу және 626 тұмау оқиғасы, ал Астана қаласы бойынша биылғы жылдың 9 айында 39 118 ЖРВИ-ге шалдығу оқиғасы тіркелген.

Шараның мақсаты: халықты, әсіресе, жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балалары бар және балаларға арнап ұйымдастырылған ұжымдарға баратын ата-аналар арасында жеке және қоғамдық қорғаныс шаралары, тұрғындарды асқынудың алдын алу үшін заманауи медициналық көмекке жүгінудің қажеттілігі туралы хабардар ету. Сонымен бірге, кезде­суде МСЭҚКД басшысының орын­басары 633 млн. теңге бюджет қаржысына тұмауға қарсы вак­цина сатып алынғанын атап өтті.

Айжұлдыз ЕРБОЛАТҚЫЗЫ,

Л.Н.Гумилев атындағы

ЕҰУ студенті.

Соңғы жаңалықтар