• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
14 Қараша, 2013

Алғыс білдіретін ақылды жәшіктер

281 рет
көрсетілді

Назарбаев Университетінде «Қал­­­­­дықтарды бөлек жина – Қа­зақстанның табиғатын сақ­тайық!» акциясы өтті.

Назарбаев Университетінде «Қал­­­­­дықтарды бөлек жина – Қа­зақстанның табиғатын сақ­тайық!» акциясы өтті.

Акция «Қазақстан Респуб­­­­лика­­сын­да қалдықтарды бөлек жинау жұ­мысын енгізу туралы қоғамды хабар­дар ету» жобасының шеңберінде өтті. Жоба Қоршаған ортаны қорғау министр­лігінің қолдауымен жүзеге асырылды, ал жобаның орындаушысы ретінде «Тұрақты дамуға көмек көрсету» орта­­лығы (бұдан әрі – Орталық) мен «Nazar­bayev University Research and Innovation System» Жастар кеңесі болып табылды.

Акцияның мақсаты – Назарбаев Университеті базасында қалдықтарды жи­­нау мен жоюдың экологиялық қауіпсіз және эко­номикалық тұрғыда тиімді жүйе­сін жасау, «жасыл экономика» саласында инновациялық технологиялар мен озық әлемдік тәжірибені енгізу, сондай-ақ ұдайы өсіп келе жатқан қалдықтардан қала­ның тазалығы мен әсемдігін сақтап қалу. Қалдықтарды бөлек жинау жүйесін бар­лық жерге енгізу арқылы болашақта 70% қайталама шикізатты жинап алу жос­парланып отыр.

Акцияның шеңберінде Назарбаев Университетінде қалдық­тарды бөлек жинау жүйесінің салтанатты түрде іске қосылуы өткізілді, нәтижесінде университетте контейнерлердің 4 түрі орнатылды: макулатура (қағаз, картон), пластик қалдықтары (ПЭТ- бөтелкелер, полиэтилен және т.б.), ескі электрондық техника (сын­ған ұялы телефондар, компьютер­лер, ноутбуктер, үтіктер, фен және т.б.), қал­дық-қоқыс. Бұл контейнерлерді ке­ле­шек­те «Қазақстан қағазы», «СОЮЗ PLAST» және «ЭКО-ДОМ KZ» секілді қал­­дық­­­тарды игеру бойынша арнайы ком­­паниялар бөлек тасып шығаратын болады.

«Nazarbayev University Rese­arch and Innovation System» меке­месінің жас ға­­­лы­мы Диас Тас­танбеков ұсын­­­ған қызықты жа­ңалықтардың бірі «Ақыл­ды ур­налар» эко-инновациялық контей­нерлері, олар адаммен сөйлеседі. Олар­дың ерекшелігі – толтырылу датчигі бар урна лақтырылған қоқыс үшін адамға «алғыс білдіреді».

Сонымен қатар, «Nazarbayev Univer­sity Research and Innovation System» Жас­тар кеңесі Орталықпен бірлесіп уни­верситетте қайталама материалдардан заттарды өнді­ру бойынша «Garbage-art com­pe­tition» конкурсын өткізді. Қайта өндірілетін материалдарды қолдану конкурсы студенттер мен қызметкерлерге өздерінің шығармашылық ойларын қайта өңделетін қалдықтарды (пластик, қағаз, картон, электрондық қалдықтар және т.б.) пайдалану саласында іске асыруға мүмкіндік берді. Конкурсқа қатысушылар жеке түрде, сондай-ақ топпен бірлесіп, 5 адамға дейін коман­да құрып жұмыс істей алды. Кон­кур­стың мақсаты уни­­вер­ситеттің студент­тері мен қыз­меткерлері арасында қалдық­­тарды бөлек жинау (қайта өң­деу) процесіне көмек көрсету болып табылды. Конкурстың қоры­тындылары акция өткізілген жерде жинақталды. Келешекте конкурста қайта өңделген қалдықтардан жасалған заттардан аукцион өткізу жоспарлануда. Аукционнан түскен барлық қаражат қайырымдылыққа жұмсалатын болады.

Назарбаев Университетінің студент­­тері мен қызметкерлерінен басқа іс-шараға мемлекеттік ор­ган­дардың, ҮЕҰ, қайта өңдеу ком­панияларының, БАҚ өкілдері қатысты.

Алмат САТЫБАЛДИН.

АСТАНА.

Соңғы жаңалықтар