Ұлттық Кеңестің кезекті отырысы 22 қазанда онлайн-форматта өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық Кеңестің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.
Оған әр өңір онлайн-форматта қосылады. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Мемлекет басшысының "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" жолдауын жүзеге асыру жолдарын талқылау. Сондай-ақ отырыс аясында Президент Әкімшілігі, Үкімет және Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік басшылығының қатысуымен ҰҚСК жұмыс топтарында талқылау өтеді.