• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қазан, 2020

Дәріханалардың пандемияның екінші толқынына дайындығы тексерілуде

125 рет
көрсетілді

"Шығыс – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдері пандемияның екінші толқыны жағдайына дәріханалардың дайындығына мониторинг жүргізуде. Жобалық кеңсе менеджері Д. Кенжеғазин Өскемен қаласының орталық көшелерінде орналасқан бірнеше дәріханаларды аралады, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Өздеріңіз жақсы білесіздер, өңірімізде дәрі жетіспеушілігі орын алған болатын. Кейбір алыпсатарлар оны шектік бағасынан асырып сатқан жағдайлар да анықталды. Осы жағдайлар қайтадан орын алмас үшін, біздің жобалық кеңсе дәріханаларға барып, дәрі қорының жеткілікті болуын қадағалап, шектік бағадан асырмай сатуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде", - дейді жобалық кеңсе менеджері Д. Кенжеғазин.

Аталған мониторинг облысқа қарасты барлық қала, аудандарда өткізілетін болады.