• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қазан, 2020

Атырауда ауыл тұрғынынан 625 келі бекіре тәркіленді

558 рет
көрсетілді

Бекіренің бел кеспесінен дәмелілер браконьерлікпен айналысуын тоқтатар емес. Кеше түнде Жаңаталап ауылының 31 жастағы тұрғынынан 625 келі бекіре тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күрес бөлімінің қызметкерлері Жайық өзенінің Дамба ауылының тұсынан "Yamaha" аспалы моторлы қайықты тоқтатыпты. Қайықта  жалпы салмағы 625 келіні құраған бекіре тұқымдас балықтардың 238 данасы болған.

"Осы дерекке байланысты Жаңаталап елді мекенінің 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 339-бабымен (Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеу басталды", деді облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.