• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қазан, 2020

Гүлшара Әбдіқалықова "СоюзМС-17" ғарыш кемесін ұшыру шарасына қатысты

169 рет
көрсетілді

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Байқоңыр қаласына барды. Аймақ басшысы "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен кездесіп, "СоюзМС-17" ғарыш кемесін ұшыру шарасына қатысуға шақырғаны үшін ризашылығын білдірді. Сонымен бірге зымыранды ұшыруға жұмылдырылған мамандарды құттықтады, деп Egemen.kz

- Бүгінгі ұшырылым өте маңызды, өйткені кеме бортинженері Сергей Владимирович біздің жерлесіміз, Байқоңыр қаласының тумасы. Сондай-ақ, ғарыш кемесінің ұшырылған күні НАСА астронавты Кэтлин Рубинстің туған күніне сәйкес келіп отыр. Мен оларға мықты денсаулық, сәттілік және қойылған міндеттерді ойдағыдай орындауды тілеймін, деді облыс әкімі.

Айта кетейік, "СоюзМС-17" ғарыш кемесін ғарышкер Сергей Рыжиков, ғарышкер-сынақшы Сергей  Куд-Сверчков пен НАСА астронавты Кэтлин Кэйт басқарады.

Ғарыш зымыранын ұшыру сәтінен кейін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мен "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен бірақатар мәселелер жөнінде сөйлесті.