• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
14 Қараша, 2013

Комиссияның кезекті отырысы

320 рет
көрсетілді

Вьетнам астанасы Ханой қаласында Қазақстан-Вьетнам сауда экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының алтыншы мәжілісі болып өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Вьетнам астанасы Ханой қаласында Қазақстан-Вьетнам сауда экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының алтыншы мәжілісі болып өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Қазақстан делегациясына еліміз Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай, Вьетнам делегациясына осы ел Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Ле Зыонг Куанг басшылық жасады.

Шара барысында тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылы Ханойға, Вьетнам Президенті Чыног Тан Шанганың 2012 жылы Астанаға сапарлары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу жағдайы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы 2011-2013 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары талқыланды.

Үкіметаралық комис­сияның отырысына қатысу­шылар саяси және сауда-эко­номикалық салалардағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасып, кеден ісі, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және спорт салаларындағы ынтымақтастықты дамытудың мүмкіндіктерін қарастырды және өзара сауда-саттық көлемінің жоғары өсу қарқынын қанағат сезімімен атап өтті. Екі ел арасындағы тауар айналымы биылғы жылдың тоғыз айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 есеге өскен.

Келіссөздер қоры­тын­ды­лары бойынша тараптар Үкіметаралық комиссияның алтыншы мәжілісінің хаттамасына қол қойды. Құжатта ынтымақтастықтың бұған дейінгі келісімдік-құқықтық базаларын одан әрі дамыту туралы уағдаластықтарды қоса алғанда, басқа да басым бағыттар нақтыланған. Оның ішінде банкаралық өзара іс-қимыл жөніндегі бірлескен жұмыс тобын құру туралы да келісім бар.

Қазақстан делегациясының басшысы, сондай-ақ, Вьетнам Сыртқы істер министрінің орынбасары Нгуен Фын Намен кездесу өткізді. Кез­десу кезінде БҰҰ, АӨСШК, АСЕАН және басқа да ха­лықаралық ұйымдар ше­ң­бе­ріндегі екіжақты саяси үнқатысулар мен өзара іс-қи­мылдарды ілгерілетудің ма­ңызы үлкен екені атап көрсетілді. Тараптар екі елдің Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия өңірлеріндегі маңызды әріптестер ретіндегі рөлі жоғары екенін қуаттады.

Соңғы жаңалықтар