Португалиялық әйгілі футбол жұлдызы, төрт дүркін «Алтын доп» иегері Криштиану Роналду коронавирус індетіне шалдықты.
«Ювентус» клубының шабуылшысы Португалия құрамасымен бірге Ұлттар лигасы аясындағы кезекті тур ойыны алдында коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест оң нәтиже көрсеткені белгілі болды. Еуропалық БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Роналдуда вирустың ешқандай белгілері байқалмаған және ол денсаулығына қатысты ешқандай шағым айтпаған. Десе де футболшы ұлттық құрама базасынан кетіп, адамдардан оқшауланған. Енді ол алдағы бірқатар ойынға қатыса алмайды. Соның ішінде Ұлттар лигасындағы Швециямен өткен ойынға қатысқан жоқ.
Айта кетейік, кейінгі апталарда Еуропада коронавирусқа шалдыққандардың саны артып, екінші толқыны байқалып жатыр. Сондай-ақ ТОП-5 чемпионаттың бірқатар клубының ойыншылары мен қызметкерлерінен де індет табылған. Мәселен, Роналду өнер көрсететін «Ювентус» клубының екі қызметкерінен коронавирус анықталып, клуб өкілдері карантинге жабылған.