• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
14 Қараша, 2013

Байланыстар беки түспек

307 рет
көрсетілді

Астана қаласы әкімдігі мен Санкт-Петербург Үкіметі 2013-2015 жылдарға арналған сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және гуманитарлық бағдарламаны бекітті.

Астана қаласы әкімдігі мен Санкт-Петербург Үкіметі 2013-2015 жылдарға арналған сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және гуманитарлық бағдарламаны бекітті. Аталған келісімге елорда әкімдігінде қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Санкт-Петербург губернаторы Георгий Полтавченко қол қойды. Бұл шара Г.Полтавченконың Астанаға ресми сапары аясында қос шаһар басшылығының кездесуі барысында өтті.

Бағдарлама әріптестік бағытындағы қала құрылысы, коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік, көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік қамсыздандыру, туризм, білім және ғылым, денсаулық сақтау және өнер мен мәдениетті кең ауқымды қолдауды қамтиды. Атап айтқанда, сау­да экономикалық қатынасты кеңейту үшін Санкт-Петербургте – Астананың, ал Астанада – Санкт-Петербургтің ақпараттық-іскерлік орталықтарын ашу көзделген. Қос тарап Санкт-Петербургте «Астана» сауда-іскерлік кешенін құруды қолдау туралы келісімге қол жеткізсе, сонымен қатар, Астана мен Санкт-Петербургтің көрме экспозиция­ларын арнайы көрмеде ұйымдастыру жоспарланған.

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар