Осымен үшінші апта "Айбын-2020" VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны онлайн режимде жалғасуда. Бұл формат өткен жылдарға қарағанда барлық қатысушылар мен көрермендерге ұнады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алғаш рет жиналған 585 қатысушыдан басқа онлайн форматтың арқасында 14 жастан 18 жасқа дейінгі барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Қазіргі уақытта жеке тәртіпте бақ сынауға 1520 адам тіркелген. Сонымен қатар биыл тартылған жастардың саны өткен жылдардың орташа статистикалық көрсеткішінен төрт есе асып түсті. Егер бұрын "Айбын" жиыны өткізілген бес жылда 3000-нан астам тәрбиеленуші қатысса, биыл олардың саны 2000 адамнан асты.
Жастар жиыны аясында "Біз біргеміз" челлендждер байқауында командалардың бейнероликтері 30 миллионнан астам қаралым жинады. Осылайша, миллиондаған қазақстандықтар жас патриоттар өткізетін қайырымдылық акцияларының куәсі болды. Олар өскелең ұрпаққа маңызды құндылықтарды дәріптейді.