• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Қазан, 2020

Түркістандық полицейлер 300-ге жуық қару иесін тексерді

166 рет
көрсетілді

Түркістан облысының полицейлері "Қару" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 300-ге жуық қару иесін тексерді, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2020 жылғы 12-15  қазан аралығында облыс аумағында “Қару” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстарды ашу, алдын алу, жолын кесу, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз сақтаумен, дайындаумен айналысатын адамдар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, сондай-ақ қару, оқ-дәрілерді заңсыз сақтау және сату деректерін анықтау болып табылады.

Іс-шара барысында тәртіп сақшылары Сарыағаш ауданында тұратын  219 қару иесін тексеріп, 12 қару иесіне қатысты қаруды сақтау ережесін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырды.

Сонымен қатар заңсыз сақталған 2 ұңғылы 16 калибрлі қару тәркіленіп алынды. Келес ауданында қаруды сақтау талаптарын бұзған 8 тұлға анықталып, оларға әкімшілік айыппұл салынды. Іс-шара барысында 5 азамат аңшы қаруларын ерікті түрде тапсырды.