• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Қазан, 2020

Жезқазғанда белгілі меценат Бекзат Алтынбековтің "Тұлға" сыйлығы иелерін тапты

783 рет
көрсетілді

Жезқазған қаласында белгілі меценат Бекзат Алтынбеков тағайындаған дәстүрлі "Тұлға" сыйлығын тапсырудың салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына және Абайдың 175 жылдық мерейтойына орайластырылған бұл іс-шарада білім, мәдениет, өнер және БАҚ салаларының қызметкерлері құрметтің төріне шығарылып, марапат мәртебесіне  ие болды.

Биылғы "Тұлға" сыйлығына лайықты лауреаттардың қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет" орденінің иегері Меруерт Өтекешова, Семей қаласындағы М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің директоры Шағангүл Жанаева, белгілі ақын Серік Ақсұңқарұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Сәуле Мешітбаева, қоғам қайраткері Назипа Шанай болды.

Сонымен қатар, салтанат барысында БАҚ, білім, мәдениет және өнер саласының қызметкерлері де атаулы сыйлықтармен марапатталды. Мысалы, БАҚ және мәдениет саласында Камал Смаилов атындағы сыйлыққа "Egemen Qazaqstan" газетінің Ақмола облысындағы меншікті тілшісі Байқал Байәділ, Сәбит Байдалин атындағы сыйлыққа Қарағанды облыстық "Қазақстан" РТРК" АҚ филиалының директоры Берік Дүйсетаев, Зулпа Чумакова атындағы сыйлыққа "Жезказганский вестник" газетінің бас редакторы Эльвира Алпанбаева, Баубек Бұлқышев атындағы сыйлыққа Ұлытау ауданының құрметті азаматы, республикалық және халықаралық айтыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Мұқаш Сейітқазинов, Мұқан Иманжанов атындағы сыйлыққа "Сарыарқа" газетінің редакциясы" ЖШС директоры Дархан Мұхан, Аппаз Қаражігітов атындағы сыйлыққа ақын, "Шабыт" фестивалінің жеңімпазы Танакөз Толқынқызы ие болды.

Сонымен қатар, бұл кеште болашақ ұрпақты тәрбиелеуге және білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін Шабал Бейсенбекова атындағы сыйлықпен "Құрмет" орденінің иегері Айман Түкбаева, Қабден Шыңғысов атындағы сыйлықпен Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі директоры Қарлығаш Дүбірбекова, Нұрия Жұмажанова атындағы сыйлықпен  Нұр-Сұлтан қаласының Әлихан Бөкейханов атындағы №76 мектеп-лицейінің директоры Сапура Төлекова марапатталды.

Өнер саласы бойынша Жанат Хаджиев атындағы сыйлық Жезқазған қаласының Серке Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық драма театрының актері Бақытжан Ибраевқа, Досжан Жанботаев атындағы сыйлық  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ербол Есендосовқа, Кеңес Нұрланов атындағы сыйлық Нұр-Сұлтан қаласының Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының актері Мейрам Қайсановқа, Қонысбек Бегайдаров атындағы сыйлық Қостанай облыстық Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрының актёрі Азамат Шөкеевке, Серік Бұлғақбаев атындағы сыйлық Жезқазған қаласының Серке Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық драма театрының актері Ардақ Жарқынбековке, Райхан Ибраева атындағы сыйлық Жезқазған қаласының Серке Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық драма театрының актрисасы Қарлығаш Байдалинаға және Қайрат Кемалов атындағы сыйлық Қарағанды облыстық Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының актері Есей Наурызбайға табыс етілді.

Ал Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған "Достық" арнайы сыйлығымен Қарағанды облысының әкімі аппараты хатшылығының бас инспекторы Гүлфайруз Рымбекова марапатталды.

Марапат иелеріне "Тұлға" сыйлығының арнайы жасалған мүсіншелері, дипломдар мен төсбелгілер және ақшалай сыйлықтар табыс етілді.