• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
14 Қараша, 2013

Әсерлі әңгіме

300 рет
көрсетілді

Мәжілісте палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин­нің Канаданың Сыртқы істер министрі Джон Бэрдпен кездесуі өтті, деп хабарлады осы палатаның бас­пасөз қызметі.

Мәжілісте палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин­нің Канаданың Сыртқы істер министрі Джон Бэрдпен кездесуі өтті, деп хабарлады осы палатаның бас­пасөз қызметі.

Нұрлан Нығматулин Канада Қазақстанның маңызды саяси және экономикалық әріптесі екенін баса айта келіп, аталған елмен ұзақ мерзімді және сын­дарлы қарым-қатынасты да­мы­тудың қажеттігіне тоқталды.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төр­ағасы Президенттің «Қа­зақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру жолында біздің еліміздің сауда-экономикалық салада, инвестициялық әріп­тестік, ауыл шаруашылығы, атом өнеркәсібі, сондай-ақ, инновация және «жасыл» технология бағыттарында ықпалдастықты күшейтуге ынталы екендігіне баса назар аударды.

Джон Бэрд өз кезегінде біз­дің еліміздің осы уақыттар ішінде жеткен жетістіктеріне назар аударып, өз таңданысын жасырмады. Сөзін сабақтай келіп:

– Бүкіл әлем Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан мемлекет екенін біледі. Сіз­дер­дің Президенттеріңіз Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруды таратпау мәселесінде көшбасшы ретінде танымал, – деді.

Тараптар халықаралық дең­гейдегі мәселелер төңірегін­де пікір алмаса келіп, Ауған­стан­дағы жағдайды реттеу және тұрақтылық орнату жайында да өз ойларын ортаға салды.

Парламентаралық, соның ішінде екі палата арасында парламентаралық іс-қимылды нығайту жайы да назардан тыс қалмады. Сондай-ақ, қос мемлекеттің парламенттерінде құрылған ынтымақтастық жөніндегі топтардың да өзіндік ықпалы зор болмақ.

Мәжіліс Төрағасы мен Канада Сыртқы істер ми­нистрі алдағы уақытта да пар­ламентаралық байланыс­пен қатар, Қазақстан-Канада қатынасы одан әрі жан-жақты тереңдейтініне сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар