Өңірде қауіпті індетке шалдығу дерегі қайта көбейе бастады. Өткен тәулікте 10 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
"Қауіпті дертке шалдыққандардың сегізі – Атырау қаласынан, 1 адам – Жылыой ауданынан, ал 1 науқас – Теңіз кенішінің жұмысшысы. Бес науқаста індет симптомды, қалған бесеуінде симптомсыз өтуде", деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Дегенмен, өткен тәулікте облыс бойынша 57 адам қауіпті инфекциядан жазылып шыққан.