• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Қазан, 2020

Қызылорда облысының әкімі әр салаға нақты тапсырма берді

209 рет
көрсетілді

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Күн тәртібінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылдың 9 айлық қорытындысы, облыс бюджетінің игерілу барысы мен болжамы, Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының орындалуы және жылу беру маусымының  басталу барысы сөз болды.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай баяндады.

Бүгінгі таңда экономикалық дамуды сипаттайтын макрокөрсеткіштердің бірқатары бойынша өсім байқалады. Өнеркәсіптің өңдеуші секторы 3,5%, ауыл шаруашылығығының жалпы өнімі 3,1%, және тұрғын үйлерді пайдалануға беру 0,4% артты.

"Ауыл ел бесігі", "Қызылорда облысының экономикалық даму жоспары", "Жұмыспен қамтудың Жол картасы", "Қарапайым заттар экономикасы" және мемлекеттік бағдарламалары аясында атқарылып жатқан жұмыстар-құрылыс салу көлемі, негізгі капиталға инвестициялар тарту көрсеткіштері бойынша межені орындап қана қоймай, оған қоса өңдеуші өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда және қызмет көрсету салаларына да оң ықпал етпек.

"Ауыл ел бесігі" жобасы аясында ағымдағы жылы облысымызға 62 инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін 5,1 млрд  тенге бөлінген. Бүгінде 35 жоба толығымен іске асырылды.

Аймақ басшысы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, аудандар және Қызылорда қаласының әкімдері аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының макрокөрсеткіштері бойынша 2020 жылдың жоспарлы параметрлеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуді және статиска департаментімен бірлесіп, ай сайын экономикалық көрсеткіштердің орындалуына алдын-ала талдау жасап, оң тенденцияны қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, Арал, Жалағаш және Жаңақорған аудан әкімдеріне "Ауыл-Ел бесігі" жобасымен 2020 жылға жоспарланған қаржыларды толық игеруді және нысандардың іске қосылуын, ал, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысына қала және аудан әкімдерімен бірлесіп барлық көздерден жүзеге асырылып жатқан құрылыс жұмыстарының есебін жүргізіп, атқарылған жұмыстардың статистикалық есептерге енгізілуін қамтамасыз етуді жүктеді.

Мұнымен қоса, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 9 айлық қорытындысы бойынша индустриялдық-инновациялық даму, кәсіпкерлік және туризм, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларына нақты тапсырмалар берді.  

Күн тәртібіндегі басқа да мәселелерге орай облыстық қаржы басқармасының басшысы Елена Шаврова, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гаухар Қалмақова, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекшісі Руслан Нұрмағанбетов хабарлама жасады.

Облыс басшысы әр сала бойынша мәселелерді саралап, басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.