Америка Құрама Штаттарының президенті Барак Обаманың ел ішіндегі рейтингі барған сайын төмен қарай құлдырап барады. Бұл туралы «Лента.Ру» хабарлады.
Ақпарат агенттінің баяндауынша, сұрау салынған америкалықтардың 54 пайызы президенттің іс-әрекетіне разы емес екендерін білдірген. Осының өзі бұған дейін президенттер арасындағы рейтингінің ең төмені болып отыр.
«Әрбір жаңа президенттің басында болатыны сияқты, Барак Обаманың өзін 50 пайыздық деңгейде қолдаған сайлаушылармен «бал айы» өтті. Осы «неке кезеңінің» мүмкіндігіне қарай ол сол деңгейді біраз уақыт ұстап тұра алды. Бүгін бірінші рет бұл көрсеткіш 40 пайызға дейін төмендеді», - деді Квиннипэкс университеті директорының орынбасары Тим Маллой.
Қоғамдық пікірге сұрау салу мәліметтері бойынша, респондеттер арасында Обаманы қолдаушылар деңгейі 39 пайызға дейін түскен. Маллой сондай-ақ сайлаушы әйелдердің де президентке сын көзімен қарап отырғанын жеткізді. Олардың 41 пайызы ғана президенттің іс-әрекетін қолдайтын болып шықты. Ал қарсы шыққандар қатары 51 пайыз болған.
Сәкен Майлыбай.