• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қазан, 2020

Атырауда дәрі-дәрмектің үш айлық қоры жасақталды

349 рет
көрсетілді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, медициналық ұйымдарда  қажетті дәрі-дәрмектердің, әсіресе коронавирусқа қарсы препараттардың қоры жасақталды, - деп хабарлайды Egemen.kz

"Атыраудағы дәріханалар желісінде дәрілік заттардың төмендемейтін қорын қамтамасыз ету үшін "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ арқылы аса қажетті 40 түрлі дәрілік заттар сатып алынды. Қазір дәр-дәрмектің дені 164 дәріханаға жеткізіліп, қалғаны тұрақтандыру қорының қоймасында сақтаулы тұр.

Облыста дәрі-әдрмектердің  3 айға дейін азаймайтын қор жасақталды. Бұған қоса демеушілік көмекпен дәрілік заттардың 9 атауы бойынша дәрі-дәрмек жеткізілді. Медициналық маскалар мен  бір реттік қолғаптар да жеткілікті" дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының әақытша міндетін атқарушы Асхан Байдуәлиев.