• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Елорда 16 Қазан, 2020

Жексенбі күні елордада қоғамдық көліктер жүрмейді

83 рет
көрсетілді

Жексенбі күні карантин шараларының күшеюіне байланысты қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дүйсенбі, 19 қазаннан бастап автобустар әдеттегідей жүретін болады.Сондай-ақ City Transporation Systems автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынғаны туралы еске салды. Жолаушылар санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек.

Сонымен қатар компания қоғамдық көліктерде тазалау мен санитарлық өңдеуге күнделікті негізде ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті."Сондай-ақ, соңғы аялдама пункттерінде жүргізушілер өздері дезинфекциялық ерітіндімен ылғалды тазалау жүргізеді. Жолаушылар жиі ұстайтын тұтқаларды, турникеттерді тазалауда ерекше назар аударылады. Айта кету керек, елорданың қоғамдық көліктерін санитарлық өңдеу үшін құрамында хлор бар дезерітінді қолданылады", – деп түсіндірді City Transporation Systems.

Бұдан басқа, көлік бақылау департамееті меү бақылау-Желілік қызметінің қызметкерлері күн сайын тексеруге шығып, жолаушылар мен қоғамдық көлік жүргізушілерінің маска тағу режимін қадағалайды. Автобустарда жол жүру тек қолма-қолсыз төлем тәсілімен жүргізіледі.