• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қазан, 2020

Шығыс Қазақстанда 17 қазаннан бастап шектеу шаралары енгізіледі

212 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында 17 қазаннан 31 қазанға дейін ерекше шарттармен шектеу шаралары енгізіледі, - деп хабарлайды Egemen.kz

Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалалары мен аудандардың периметрі бойынша шектеу шараларын сақтау қажет.

Көпшілік демалатын орындарға (скверлер, саябақтар, алаңдар, жағалаулар, серуендеу аймақтары) жеке немесе бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан аспауы қажет. Ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, митингілерді, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынған. Ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар және т.б.) жұмыстарына тыйым салынады. ШҚО полиция департаменті жұмысты жалғастырып, Өскемен, Семей қалаларында 402 алаңда (Өскемен қаласы-200, Семей қаласы-202) 40 учаскелік полиция пунктіне (Өскемен қаласы – 23, Семей қаласы-17) қоғамдық тәртіпті қорғауды және бақылауды қамтамасыз етуі керек.