• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
15 Қараша, 2013

Жоғары баға алды

320 рет
көрсетілді

«Қазақстан» РТРК» АҚ-ына қарасты «Classic» радиосының «Классикомания» атты радиобағдарламасы Лондондағы халықаралық телерадио хабар таратушылар ассоциациясының жоғары бағасына ие болды.

«Қазақстан» РТРК» АҚ-ына қарасты «Classic» радиосының «Классикомания» атты радиобағдарламасы Лондондағы халықаралық телерадио хабар таратушылар ассоциациясының жоғары бағасына ие болды.

Халықаралық телерадио­тара­тушылар ассоциациясының «AIBs Inspiring Creativity Awards» байқауы 9 жыл бойы өткізіліп келеді. Жыл сайын бұл марапат халықаралық телерадиокомпаниялардың бағ­дарламалары мен технологиясын және дарынды мамандар арасынан үздіктерді анықтайды. Қазылар алқасының құрамы – әлемдік БАҚ-тың білікті мамандары. Олар жобаларды тәуелсіз түрде бағалап, сараптайды.

Биыл байқауға BBC, CNN, NHK, Bloomberg Television, Deutche Welle, Eurosport, Russia Today, ABC Australia, Radio Taiwan International, France 24, SRF Swiss Radio and TV және т.б халықаралық медиа-корпорациялардың бағ­дарламалары қатысты. Жобалар «Үздік деректі фильм», «Үздік журналистік тексеру», «Үздік ба­лалар телехабары», «Өзекті мәсе­лелер туралы үздік репортаж», «Үз­дік халықаралық репортаж», «Те­левизия және радиодағы жыл тұлғасы» және т.б. аталымдар бойын­ша сараланды.

«Қазақстан» РТРК» АҚ «Classic» радиосының «Классикомания» бағдарламасы «Үздік шығарма­шылық радиобағдарлама» аталымы бойынша арнайы дипломмен марапатталды. Бұл радиожобада түрлі мамандық иелері – іскерлер, саяхатшылар, заңгерлер мен режиссерлер классикалық музыканың мән-маңызы туралы сыр шертеді. Халықаралық сарапшылар қауым­дастығы «Классикоманияны» ойын-сауықтық қана емес, сонымен қатар, білім беретін ерекше бағдарлама ретінде атап өтті.

«Қазақстан» РТРК» АҚ Бас­қарма төрағасы Нұржан Мұха­меджанова:

– Біздің корпорация халық­аралық ынтымақтастықты дамыту және әлемдік ақпараттық кеңістікпен ықпалдастық мәсе­лелеріне айрықша назар аударып келеді. Бүгінгі таңда біз бірқатар стратегиялық келісімдер жасап, «Ариранг» (Оңтүстік Корея) телерадиокорпорациясы, «CCTV» Қытай хабар тарату корпорациясы, «BBC World News», Продюсерлер мен режиссерлердің Корей білім беру институты, Сингапурдың Медиа академиясы сынды әлемдік ірі медиа-корпорацияларымен өзара ынтымақтастық келісім шартқа қол қойдық. Сонымен қатар, осы жылы халықаралық телерадиотаратушылар ассоциациясы (AIB) мен хабар таратуды дамытудың Азия-Тынықмұхиттық институтының (AIBD) мүшесі атандық. Лондондағы халықаралық байқауда арнайы диплом алуымыз корпорация жетістіктерінің халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болғандығын көрсетеді, – деп атап өтті.

Штаб-пәтері Ұлыбританияда орналасқан халықаралық телера­дио­таратушылар ассоциациясы (AIB) 1993 жылдан бастап ком­мерциялық емес ұйым ретінде құрылған. Беделді халықаралық ұйым BBC World, Al-Jazeera, Bloomberg, Eurosport, France 24, Russia Today, Deutsche Welle сынды 50-ден аса ірі халықаралық және ұлттық телерадиотаратушылар­ды және басқа да белгілі және бе­дел­­­ді халықаралық БАҚ-тарды біріктіреді.

Танакөз Толқынқызы,

«Қазақстан» АҚ» республикалық телерадио кешенінің баспасөз хатшысы.

Соңғы жаңалықтар