Қазақ дәрігері Моңғолияның Еңбек ері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
"Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулганың жарлығы бойынша жергілікті тұрғындардың денсаулығын қорғау, дәрігерлердің біліктілігін арттыру және хирургиялық жаңа тәсілдерді енгізу бағытында ұзақ жылдар абыройлы қызмет атқарған Баян-Өлгей аймағының Біріккен ауруханасының аға дәрігері Нығметұлы Есейге Моңғолияның "Еңбек ері" атағы берілді", делінген хабарламада.