• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
15 Қараша, 2013

«Тәуелсіздік танытқан таланттар»

290 рет
көрсетілді

Кеше Елордада «Бірлік» саяси партиясының ұйымдастыруымен мәдениет, әдебиет әлеміндегі үздік шыққан жас қаламгерлер мен драматургтерді қолдау мақсатында «Тәуелсіздік танытқан таланттар» атты жас таланттардың республикалық фестивалі өтті.

Кеше Елордада «Бірлік» саяси партиясының ұйымдастыруымен мәдениет, әдебиет әлеміндегі үздік шыққан жас қаламгерлер мен драматургтерді қолдау мақсатында «Тәуелсіздік танытқан таланттар» атты жас таланттардың республикалық фестивалі өтті.

Шараны қысқаша сөз сөйлеп ашқан «Бірлік» сая­си партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали былай деді: «Бүгінгі фестиваліміздің жеңімпаздарының шығармашылық және кәсіби жетістіктеріне қарап отырсаңыздар халықтың алтын қазынасы іспетті. Өскелең ұрпаққа үлгі етуге тұрарлық жастардың таланты қандай да болсын құрметке лайық. Жастардың шығармашылық, кәсіби бастамаларын қолдау – «Бірлік» саяси партиясының басым бағыттарының бірі. Жас қазақстандықтардың табысты еңбек етіп, жақсы білім алуына әлеуметтік кепілдіктер қарастырылуы керек».

«Әдебиет», «Сурет өнері», «Дәстүрлі өнер», «Дәстүрлі қазақ әндерін орындаушы», «Ерекше дарын иесі», «Қолданбалы өнер шебері», «Мамандығым – мақтанышым» деп аталатын жеті номинация бойынша сынға түсіп, жеңіске жеткен жиырмадан астам жас дарын «Бірлік» партиясының арнайы жүлдесімен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Фестиваль соңында партия төрағасы С.Сұлтанғали еліміздің аталмыш шараның әлі де жалғаса беретіндігін айтты.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар